{metadescription}
Головкин жаңа бапкер тауып, атын өзгертіп жіберді

Головкин жаңа бапкер тауып, атын өзгертіп жіберді

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) жаңа бапкерін қашан таныстыратынын мәлімдеді.

BoxingScene порталының журналисі Кит Айдектің мәліметінше, Головкин қандай шешім қабылдағанын төртінші мамыр күні таңертең ресми түрде жария етеді. Сондай-ақ Кит Айдек Головкиннің аты енді ағылшынша "Gennady" (Геннади) деп емес, "Gennadiy" (Геннадий) болып жазылатынын атап өтті.

"Головкин туу туралы куәлігінде "Gennadiy" деп жазылғанын айтты. Дегенмен, бұл өзгерісті жасау үшін АҚШ-та жеті жыл жұдырықтасудың не үшін қажет болғаны түсініксіз", - дейді Айдек.

Естеріңізге сала кетейік, 24 сәуірде Геннадий Головкин Абель Санчестен бөлек кететінін мәлімдеген болатын. Қазақстандық боксшыны тоғыз жыл жаттықтырған бапкер бұл ақпаратты растады. Ал Санчес болса боксшы мансабына қатысты кейбір деректерді жайып салған болатын.
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.