Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Канело» мен Джейкобс жекпе-жекке бір күн қалғанда төбелесіп кетті
Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыластары Сауль «Канело» Альварес пен Дэниэл Джейкобс 5 мамырда жұдырықтасады.
11:33 04.05.2019
Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) салмақ өлшегеннен соң болатын дәстүрлі «көз түйістіру» рәсімінде төбелесіп қалды.
Көз түйістіріп тұрған қос боксшы кенет бір-бірін итеріп, жанжалдаса бастағанда, екі команда мүшелері мен ұйымдастырушылар былғары қолғап шеберлерін тез арада ажыратып үлгерді. Сонда да «Канело» мен Джейкобс біраз уақыт сабасына түсе алмай, қайта-қайта ұмтылып, айбат шегумен болды.
Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) пен америкалық Дэниэл Джейкобс (35-2, 29 КО) салмақ өлшеу рәсімінен кейін көз арбасу рәсіміне қатысты. Көз арбасу кезінде боксшылар жанжал ұйымдастырып, оларды команда өкілдері мен ұйымдастырушылар ажыратты. Альварестің салмағы 159,5 фунт болса, Джейкобстікі 160 фунтты көрсетті. Орта салмақтағы лимит 160 фунтты құрайды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.
«Канело» – Джейкобс жекпе-жегі 5 мамыр күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) T-Mobile Arena-да өтеді. Боксшылар үш әлем чемпионы титулы үшін таласады – WBA Super, WBC және IBF. Олардың барлығы былтыр қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге тиесілі болған еді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram