Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ер адам балабақшадан байқамай біреудің баласын алып кеткен
Коми республикасының тұрғыны балабақшадан бөтен біреудің қызын алып кетті.
09:43 17.05.2019
8 мамырда ер адам Усть-Вымский ауданындағы "Сказка" балабақшасына келеді. Ол 6 жастағы қызды өзінің баласы екен деп, көлікке отырғызып әкеткен. Үйіне жеткен соң, баланың өзінікі емес екенін біліпті.
Бұл уақытта балабақша меңгерушісі полицияға хабарласып үлгерген. Ер адам өзгенің қызын балабақшаға қайта апарып, тәрбиешілерге тапсырады. Коми Республикасы бойынша РФ ІІМ-нің мәліметінше, ер адам сау күйде болған. Құқық қорғау органында оған қарсы ешқандай шағым болмаған.
Айта кетейік, Талдықорғандағы балабақшалардың бірінде 2 жасар қыз екінші қабаттан құлап кеткен болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram