Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жұма намазда президенттің дұшпандарына қарғыс айтылды
Ашғабадта имамдар жұма намаздан кейінгі уағыздарда азаматтарды ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедовті сүюге шақырып, Құдайдан оған денсаулық, ұзақ өмір тіледі.
10:47 20.05.2019
Бұл жайында жұма намазға қатысқан Азаттықтың түркімен қызметінің тілшісі хабарлайды.
"Жұма намаздан кейін имам президентті мақтай бастады. Ол біздің жетістігіміздің бәрі мемлекет басшысының саясатының арқасында болып жатқанын айтты. Одан соң президентті пайғамбар сияқты сүюге шақырды", - дейді тілші.
Уағызда президенттің дұшпандарына қарғыс айтылған. Тілшінің хабарлауынша, жұма намазға жиналғандардың дені уағызды мемлекеттік идеологияның құралы ретінде пайдаланып жатқанына наразы болған. Көбі бір-біріне сыбырлап, "тағы бастады" деген.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram