Футболда төрешінің жүрегі тоқтап қалды
Футболдан Боливия чемпионаты жоғары дивизионының матчы кезінде бас төрешісі Виктор Уртадоның жүрегі тоқтап, қайтыс болды.
12:15 20.05.2019
Чемпионаттың 25-ші турының аясында жергілікті «Олвэйс Реди» командасы өз алаңында «Ориенте Петролеро» клубын қабылдап, 5:0 есебімен жеңген болатын. 32 жастағы төреші екінші таймда, яғни ойынның 54-ші минутында жерге құлап қалды.
Дәрігерінің айтуынша, алғашқыда төрешінің алаңда жүрегі тоқтап қалған, бірақ команданың дәрігерлері оны аман алып қалған. Кейін жергілікті клиникалардың біріне жеткізгеннен соң жүрегі соғуын қайта тоқтатқан. Дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!