{metadescription}
Түрмеде сотталғaндар бүлік шығарып, 32 адам қаза тапты

Түрмеде сотталғaндар бүлік шығарып, 32 адам қаза тапты

Душанбе маңындағы колонияда "Ислам мемлекетіне" мүше болғаны үшін сотталғандар үш бақылаушыны тұтқынға алып, өлтірген.

Бүлік Тәжікстан астанасы Душанбеден 15 шақырым жерде орналасқан колониядан шыққан. Оған 30-ға жуық тұтқын қатысқан. Жазасын өтеп жатқан бүлікшілер ДАИШ экстремистік ұйымына мүше болғаны үшін сотталған екен. Олардың барлығы пышақ және басқа да өткір заттармен қаруланған. Келіссөздер барысында бүлікшілер арасында түсініспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстарға ұласқан.

"Қақтығыс кезінде 3 түрме қызметкері және 29 тұтқын қаза тапты. Қаза тапқандар ішіндегі 8 адамды қашуды ұйымдастырған тұтқындар өздері өлтірген", - деп хабарлады Тәжікстан Әділет министрлігінің орынбасары Мансурджон Умаров.

Осыдан кейін колония әкімшілігі қатаң шара қолданған. Қылмыскерлер арасында құрбандар бар.

"Қазіргі таңда Вахдат колониясында жағдай тұрақты және бақылауға алынды", -деп хабарлады Тәжікстанның Әділет министрлігі.

Кеше

14 маусым

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.