Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
«Формула-1» үш дүркін чемпионы көз жұмды
Бұрынғы «Формула-1» чемпионы әрі бизнесмен Ники Лауда 70 жасында өмірден озды.
10:41 21.05.2019
Бұл туралы Аустрияның ORF телеарнасы Лауда отбасының электронды хатына сілтеме жасап хабарлады.
«Біздің сүйікті Ники 2019 жылғы 20 мамыр, дүйсенбі күні өмірден озғанын қабырғамыз қайыса мәлімдейміз», - делінген хатта.
Лауда үш дүркін «Формула-1» чемпионы болған, 1976 жылы Германиядағы Нюрбургринг күре жолында жан түршігерлік апатқа ұшырап, ауыр жарақаттар алған болатын. 90-жылдары бұрынғы апат салдарынан бүйрек ауруларына шалдыққан. Сонда оған әйелі Биргит Ветцингер донор болған еді. Ал 2018 жылдың жазында өкпесі алмастырылған. Соңғы жылдары Лауда бизнеспен айналысты. Әрі, 2012 жылдың қыркүйегінен бастап «Мерседес» командасының бақылау кеңесінің төрағасы болды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram