{metadescription}
Елордада жоғалған бала Қостанай облысынан табылды 

Елордада жоғалған бала Қостанай облысынан табылды 

Тоғыз жасар баланы ата-ана құқығынан айырылған анасы жасырын алып кеткен.

Полиция Нұр-Сұлтанда бірнеше күн бұрын жоғалған баланың табылғанын хабарлады. Тоғыз жасар бала өткен сенбі, 1 маусым күні жоғалып кеткен. Әлеуметтік желілерде баланы белгісіз еркек ертіп әкеткені жайлы хабар тарады. Бала Қостанай облысындағы Ұзынкөл ауданының Речное елді мекенінен табылды.  

Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік инспектор Асылбек Молдағалиев баламен жүрген бейтаныс әйелді байқап қалған. Полицей әйелдің кімге келгенін сұраған. Ол сасып қалып, жауабынан жаңылып, өзін басқа атпен таныстырған. Құжаттарын тексеру кезінде әйел Нұр-Сұлтаннан келген болып шығады, балаға ешқандай құжат көрсете алмаған.

Полицей ақпараттық жүйе арқылы кәмелетке толмаған бала мен әйелдің деректерін тексеріп, баланың із-түзсіз жоғалғандардың қатарында екенін анықтаған. Ұлдың анасы ата-ана құғынан айырылғаны және оны заңсыз алып кеткені хабарланды. Полицейлер баланы әкесіне – заңды өкіліне қайтарды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.