{metadescription}
Қазақстандықтар такевандодан жастар чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар такевандодан жастар чемпионатында 10 медаль жеңіп алды

8-9 маусым аралығында Инсбрук қаласында (Австрия) G-1 "Austria Open" халықаралық турнирі өтуде.

Бірінші күнгі ойын нәтижесі бойынша Қазақстан командасы он медаль жеңіп алды. Алтын медальдарды 44 келі салмақ дәрежесінде Айдана Құмартаева, 59 келі салмақ дәрежесінде Шамсат Дүйсенов және 63 келі салмақ дәрежесінде Бағжан Астембеков иеленді. Қазақстанның қоржынын "күміспен" 48 келі салмақ дәрежесінде Саят Тұрақұл, 51 келі салмақ дәрежесінде Әзірет Дүйсенбек, 68 келі салмақ дәрежесінде Бекжан Нұсналим және 42 келі салмақ дәрежесінде Рита Бакишева толықтырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Турнирдің қола жүлдесін 46 келі салмақ дәрежесінде Камила Аймукашева, 73 келі салмақ дәрежесінде Абдурахмон Марипов, +78 келі салмақ дәрежесінде Ахмади Нұрқасым иеленді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.