Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сайлау - 2019: Алғаш рет дауыс бергендерге тосын сый жасалды
Шымкентте сайлау учаскесіне келіп дауыс берген алғашқы 10 тұрғын мен жасы 18-ге толып тұңғыш сайлауға қатысып жатқандарға тосын сый жасалды.
12:50 09.06.2019
Миллион тұрғыны бар мегаполисте сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін 260 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Шымкенттіктердің әзірге белсенділігі жаман емес. Орталық сайлау комиссиясы болжамынша, сайлаушылардың белсенділігі әсіресе түске қарай артуы тиіс. Әнұран ойнай сала сайлау учаскесіне келгендердің арасында әкім Ғабидолла Әбдірахымов та бар.
«Әр адамның өзінің құқы бар, өзінің еркіндігі бар. Енді ниет қылып, осы сайлау учаскесіне бірінші болып келгім келді. Соған ерте тұрып келдім», - деді Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов.
Дауыс берудің заңдылығын мыңнан астам бақылаушы жіті бақылап отыр. Кешке дейін 568 мың сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram