Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Бари Алибасов өз-өзін танымай, есін жоғалтып оянды
Музыкалық продюсер Бари Алибасов бүгін медикаментоздық ұйқыдан оянғанымен, есін жоғалтып алған, ол тіпті өзінің кім екенін есіне түсіре алмады.
10:08 12.06.2019
Бұл туралы оның ұлына сілтеме жасай отырып PR-директор Вадим Горжанкин хабарлады.
«Әзірше ол сөйлей алмайды және шын мәнінде ештеңе есінде қалмаған. Сонымен қатар ол өзінің Бари Алибасов екенін де білмейді», — дейді продюсердің ұлы.
Бұған қоса, іштен қан кету қаупі де бар, бұл қайғылы қазаға әкеп соғуы да мүмкін. Қазіргі кезде отбасы мүшелері Алибасов өз-өзіне келіп, жақын арада есін жиятын болады деген сеніммен күту үстінде. Бари Алибасов құбырларды тазалауға арналған сұйық құралды байқамай ішіп қойғаннан кейін ауруханаға түскен болатын. Ол бірнеше күн бойы медикаментозды ұйқыда жатты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram