Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев: «Халық көшеге кедейліктен шықты»
Осы жағдайға қатысты пікір білдірген президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың кедейліктен көшеге шыққанын айтты.
14:45 14.06.2019
Қазір митингіге қатысқандардың талаптары қаралып жатыр, дейді президент.
«Шеруге қатысқандарға тоқталсақ, олар шынымен де наразылық танытып, көшелерге шықты. Қазір митингіге қатысқандардың талаптары қаралып жатыр. Негізінде, бұл әлеуметтік сипаттағы талаптар. Мұндай мәселелердің бар екенін жоққа шығармаймын. Олардың дені адамдардың кедейшілікте өмір сүруінен. Олар үкіметтен әлеуметтік-экономикалық проблемаларының шешілгенін талап етуде. Билік естіді. Біз жұмыс істейміз», - деді Тоқаев Euronews арнасына берген сұқбатында.
Қоғамдық қауіпсіздікке аса зиян келтірмеген адамдар жуырда босатылады, деп жалғастырды мемлекет басшысы.
"Билік естіді. Енді жұмыс істейміз. Олардың арасына кездейсоқ тап болған адамдар барын естідім. Олардың алдында, әлбетте, кешірім сұрап, тез босатамыз. Бұл проблема шешімін табады", - деп президент уәде берді.
Сонымен қатар мемлекет басшысы сайлаудың әділ өтпегенін айтқандардың да босатылатынын атап өтті.
«Олар да босатылады. Себебі олар солай санайды. Ал мен, сайлау әділ өтті деген пікірдемін», - дейді президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram