{metadescription}
Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

Динара Сәдуақасова Азияның үздік шахматшысы атанды

Қазақ қызы 36 шахматшыны басып озып, Әлем кубогының іріктеуінен өтті.

Қазақ шахматшысы Динара Сәдуақасова Азия чемпионаты кубогын жеңіп алып, құрылықтың үздік шахматшысы атанды. Біріншілік Қытайдың Синтай қаласында 6-16 маусым аралығында өткен. Динара 15 елден келген 36 қарсыласын басып озып, 9 ұпайдың 7,5-ін еншіледі, деп хабарлайды Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі.

"Динараны жеңісімен құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен жаңа белестерге жетелейтін шабыт тілейміз", - деп федерация 23 жастағы спортшыны құттықтады.

Азия біріншілігінде жеңіске жеткен Динара Сәдуақасова Әлем кубогының іріктеу кезеңінен өтті. Атап өтсек, республика намысын бұл турнирде үш шахматшы қорғады: Ринат Жұмабаев, Динара Сәдуақасова, Гүлмира Дәулетова. Жарыстың жүлде қоры – 80 мың доллар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.