Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Оралда төбелес шығарған екі полицей жұмыстан қуылды
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы полицейлердің төбелесі жайлы видео желіде жарияланғаннан кейін тергеу жүргізді.
12:15 17.06.2019
Куәгерлер полицейлердің төбелесін видеоға түсіріп алып, желіде таратып жіберген. Видеода азаматтық киімдегі екі ер адамның көлікте отырған полицейге тап бергені көрінеді. Төбелес кезінде олардың бірінің қолында пышақ болған.
"Төбелескендердің екеуі полиция қызметкері екені анықталды. Тексеріс барысында екі қызметкер арасында жеке бас араздығына байланысты жанжал шыққаны белгілі болды", - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің тәртіптік комиссиясынан кейін полицейлерді жұмыстан шығаруға шешім қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram