Алматы облысында жоғалған әйелді өлтірген күдікті ұсталды
Алматы облысының полицейлері із-түзсіз кеткен Айнұр Қасымованың мүрдесін тапты.
12:31 18.06.2019
Ағымдағы жылдың 15 маусымында Ақсу ауданының полициясына Жансүгіров ауылының тұрғыны хабарласты. Ол Алматыдан шыққан әпкесінің із-түзсіз кеткенін хабарлады. Тәртіп сақшылары әйел адамның қаладан Mitsubishi Galant көлігімен шыққанын анықтады. Ол жол бойы туыстармен жазысып отырған.
Бір хабарламада ол келе жатқан көлігі сынып, жолда көлік тоқтатып, сонымен келе жатқанын жазған. Ол сапарын Toyota көлігімен жалғастырған. Алматы облыстық полициясы ауылға бара жатқан жолда жоғалып кеткен Айнұр Қасымованы өлтірді деген күдікпен такси жүргізушісін ұстады.
«Әйелді іздеуге Ақсу аудандық полициясының жеке құрамы түгел жұмылдырылды. Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің мамандары да тартылды. Сағабүйен мен Жансүгіров ауылдарының айналасы түгел тінтілді. Нәтижесінде 47 жастағы такси жүргізушісі ұсталды», - деді полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 1972 жылғы Алматы облысының тұрғыны бұған дейін де істі болған. Ұсталған күдікті Айнұр Қасымованы өлтіргенін мойындады. Оның денесін қайда көмгенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары