{metadescription}
Қазақстанда митинг кезінде 4 мың адам ұсталған

Қазақстанда митинг кезінде 4 мың адам ұсталған

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда митинг кезінде 4 мыңға жуық адам ұсталғанын айтты. 

«Маусымның 9, 10, 11, 12 және 13-і - бес тәулік ішінде Бас прокуратурамен ІІМ-нің бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, Қазақстанқалаларында рұқсат етілмеген митингтер өткізілді. Митингіге шыққаназаматтар «митингілер, шерулер және демонстрациялар туралы» заңдыбұзған. Заңда мұндай акцияларды өткізбес бұрын қатысушылар жергілікті атқарушы органдарға өтініш беруі тиіс екені анық жазылған. Тек ЖАО-ның рұқсатымен ғана митингтер өткізілуге тиіс», - деді Тұрғынбаев Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол полиция қызметкерлеріне арнайы құралдарды қолданбауға команда берілгенін атап өтті.

«Бүкіл полиция тәртіпсіздіктердің жолын кесу үшін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл газ баллондары, дубинкалар, олар қолданылған жоқ. Бұл қақтығыстарды оқшаулау үшін тек физикалық күш қолданылды. 4 мыңға жуық азамат ұсталды», - деді министр.

Оның айтуынша, 3 мың азамат «қамауға алынып, босатылды». 677 адам сот арқылы әкімшілік қамауға, 305 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде