{metadescription}
Мақсат Сқақов президент кеңесшісі болып тағайындалды

Мақсат Сқақов президент кеңесшісі болып тағайындалды

Мақсат Сқақов Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесші болып тағайындалды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Сқақов Мақсат Нұрлыбекұлы Қазақстан Республикасы президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалсын", - делінген жарлықта.

Мақсат Нұрлыбекұлы 1978 жылы туған. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Болашақ» бағдарламасымен білім алған. Философия және экономика ғылымдарының докторы.  

Еңбек жолын 2000 жылы ҚР Ішкі істер органынан бастап, ҚР Президентінің күзет қызметінде, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде, ҚР Мәдениет, Білім және Ғылым министрліктерінде, ҚР Премьер-Министрінің Кеңесшісі, ҚР Мәдениет және Ақпарат  министрлігінің тілдер комитетінің төрағасы қызметін атқарған.  

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Бас Прокурорының ерекше маңызды тапсырмалары бойынша аға көмекші қызметінде болған. 2017-2019 жылдар аралығында Маңғыстау облыс әкімінің орынбасар қызметін атқарды.  

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде