Өскеменде он қабатты тұрғын үй өртенді
Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққан.
09:20 19.06.2019
Бұлтуралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет хабарлайды. Оның айтуынша, 18 маусымда сағат 21:45-те Өскемен қаласындағы «101» қызметіне Өтепов көшесіндегі он қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны жөнінде хабар келіп түскен. Оқиға орнына 21:51-де алғашқы алғашқы өрт сөндірушілер келіп жетті.
Тұрғын үйдегі жеделсаты шахтасында үшінші қабаттан сегізінші қабатқа шейінгі аралықта электр кабелі өртеніп жатқан. Құтқарушылар алдымен 26 тұрғынды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Оның ішінде 8 бала бар. Тағы 6 адам құтқарылды, оның біреуі бала. Екі адам тоғызыншы қабаттан автосаты көмегімен түсірілген.
Жалын сағат 22:19-да оқшауланып, 22:26-да толығымен сөндірілді. Барлығы 16 метр кабельді жалын шарпыған. Өрт сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 19 қызметкері мен 6 арнайы техникасы жұмылдырылды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!