{metadescription}
Ақмола облысында ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

Ақмола облысында ұшақ құлап, ұшқыш қаза тапты

Ақмола облысы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Бүгін Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданындағы Родина ауылының маңында АН-2 ұшағы құлап түсті. Әуе кемесінің арнайы авиахимиялық қолданыстағы АН-2 ұшағы екені анықталды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұлов.

Апат салдарынан әуе кемесінің командирі қаза тапты. Жарақат алған тағы бір ұшқыш пен  техник-көмекші емдеу мекемесіне жеткізілді. Оқиға орнында полиция мен басқа да қызметтер жұмыс істеп жатыр. Әуе кемесінің апатқа ұшырау себебін анықтау мақсатында тергеу жұмыстары басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.