Ақтөбеде арбадағы қарияны ұрламақ болғандар төбелесті
Ақтөбеде белгісіз біреулер тұрғылықты мекен жайы жоқ арбаға таңылған қарияны ұрламақ болды.
13:20 20.06.2019
Видео İnstagram әлеуметтік желісіндегі @aktobe_zello парақшасында жарияданды.
«Бүгін Океан ауданында мүмкіндігі шектеулі, тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамды ұрлап бара жатты», - деп жазды автор.
Видео кадрларынан белгісіз біреулердің арбаға таңылған қарияны көлікке отырғызып, ұрламақ болғаны көрінеді. Алайда бірнеше жігіт көліктің есігін ашып, оларды ұрып тастап, қарияны құтқарып қалды. Жергілікті полиция департаменті көлікті тізгіндеген адамның тұлғасы анықаталып, ұсталғанын мәлімдеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!