{metadescription}
Өскеменде 28 жастағы жігіт көпірден секірмек болды

Өскеменде 28 жастағы жігіт көпірден секірмек болды

19 маусым күні сағат 18.00 шамасында жас жігіт Ертіс көпірінен секірмек болды.

Патрульдік полиция батальонының офицерлері Дәурен Саяқов пен Нұрсұлтан Кеңесов Ертіс өзеніндегі көпірдің үстінен секірейін деп тұрған жігітті байқап, өмірін арашалап қалған, деп хабарлайды ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі. Көпірдің жақтауына шығып алған жігітті жиналған жұрт әңгімеге тартып тұрғанда, полиция лейтенанты Дәурен Саяқов жүгіріп жетіп, оны ажалдан құтқарып қалады.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 28 жастағы қала тұрғыны сол сәтте мас күйде болған екен. Облыс тұрғындары жас жігітті құтқарып қалғаны үшін тәртіп сақшыларына алғыс айтып, өзін өлімге қиған жігітке психологиялық қолдау көрсетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.