{metadescription}
Алматыда дөнер дәмханасы өртенді

Алматыда дөнер дәмханасы өртенді

Алматыдағы танымал түрік дәмханаларының бірі - Degirmen өртке оранды.

«Алматы қалалық ТЖД-нің кезекшілік пультіне өрт туралы хабарлама 20 маусым күні сағат 15:06 түскен. Алмалы ауданы, Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Дегирмен» дөнер дәмханасын көк түтін басқаны анықталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 7 минутта жетті. Мәлім болғандай, жалын 4 қабатты екі тұрғын үйдің жанына салынған дөнер дүңгіршегінің шатырынан басталған», - дейді ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Өрт сағат 15: 40-да жойылды, ал өрт аумағы 100 шаршы метрді құрады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығуына мангал мұржасында майлы қабаттың пайда болуы себеп болды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.