{metadescription}
Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

Алматыда ер адамды көлік қағып өлтірді

Жігіттің қалтасында жеке куәлігі болмаған, полиция марқұмның кім екенін анықтап жатыр.

Алматының "Қарасу" шағын ауданында Солтүстік шеңберге жетпей ер адамды көлік қағып өлтірді, деп жазды Sputnik Қазақстан. Қайғылы оқиға 24 маусымға қараған түні болыпты. Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Matiz Бұрындай көшесімен келе жатқанда алдынан ер адам атып шығады.

Жүргізуші жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек ер адамды көрмей қалып, қатты жылдамдықпен қаққан. Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Қалтасында жеке куәлігі болмаған, шамамен 32-35 жаста. Полиция жол апатының мән-жайы мен қаза тапқан ер адамның кім екенін анықтап жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде