Арықтамақ болған тележүргізуші адам танымастай өзгеріп кетті
Ұлыбританиялық тележүргізуші Элисон Хаммонд арықтағаннан кейінгі түрін көрсетіп, фанаттарын таңғалдырды.
10:06 26.06.2019
Желі қолданушылары оған адам танымастай өзгеріп кеткенін жазуда. Тележүргізушінің салмақ тастағаннан кейін түскен суреті 58 мыңнан аса лүпіл жинаған. Желі қолданушылары оның келбетін тамсануда.
«Керемет! Құлпырып кеткенсің! Артық салмақтан арылудағы нәтижең өте жақсы», - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.
Кейбірі Хаммондты әнші Бейонсемен шатастырған. 2019 жылдың сәуір айында Хаммондтың салмағы 127 келі болған. Сол кезде ол адамдарға пайдалы әдеттерді қалыптастыруға көмектесетін Weight Watchers ұйымының елшісі атанған еді, деп жазады stan.kz. Хаммондтың сөзінше, ол осылайша өзін дұрыс тамақтануға және спортпен шұғылдануға мәжбүрлей алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!