{metadescription}
Арыстағы жарылыс: қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті

Арыстағы жарылыс: қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті

Арыс қаласында қайтыс болғандар саны 3 адамға жетті.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлады. Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Келісімшартпен жұмыс істейтін 32 жастағы әскери Шымкенттегі ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын.

"Қорғаныс министрлігі Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыс салдарынан бүгін келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери Ахметов А.Н. көз жұмғанын өкінішпен хабарлайды. Ол Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын", - делінген хабарламада.

ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен жеке құрамы қайғылы қазаға ортақтасып, туысқандары мен жақындарына көңіл айтады. Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, медициналық көмек сұрап 70 адам жүгінген, оның ішінде 45-і ауруханаға жатқызылған. 26 маусымдағы таңғы сағат 6 жағдай бойынша Арыстағы төтенше жағдай салдарын 1251 адам жоюда.

Еске салсақ, Түркістан облысның Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.