{metadescription}
Теңіздегі төбелес: қазақстандықтар ғана жауапқа тартыла ма?

Теңіздегі төбелес: қазақстандықтар ғана жауапқа тартыла ма?

29 маусым күні Теңіз елді мекеніндегі мыңға жуық жұмысшысы ереуілге шығып, арты төбелеске ұласқан болатын.

Жарақат салу және бұзақылық фактісі бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Теңіз кен орнында болған төбелеске қатысты кімнің жауапқа тартылғанын айтып берді.

"Негізі, ол жерде адамға жарақат салу және бұзақылық бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. Әрбір қылмыс бойынша қатысушылар бар. Сол себепті қазір негізгі бір адам ұсталып отыр. Бұдан бөлек, тағы бірнеше күдікті бар. Оларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Тұрғымбаев журналистерге берген сұқбатында.

Министрдің айтуынша, қылмыстық істің сипаты әрбір адамның төбелеске қатысуына қарай анықталады, деп жазады sputniknews.kz. Ал "жауапқа тартылатын адамдардың ішінде тек қазақстандықтар ғана бола ма?" деген сұраққа министр қысқа ғана жауап қайырды.

"Барлығы тергеу кезінде анықталады. Мен оны уақыттан бұрын айта алмаймын", - деді ол. 

Еске салсақ, Атырауда мұнайшылар шеруге шығып, бірнеше жұмысшы жарақат алды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.