{metadescription}
Гей шеруде еліміздің туын желбіреткен: қазақстандықтардың ашуын келтірді

Гей шеруде еліміздің туын желбіреткен: қазақстандықтардың ашуын келтірді

Америкада өткен Гей шеруде Қазақстанның туын көрген жұрт жаға ұстады.

Қазақстанның туын кемпірқосақтың түсіне бояп, алдыңғы қатарда желбіретіп келе жатқаны туралы әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі блогер Назым Қанқожа жазба қалдырған. Ол жыныссыздардың ұлттық құндылықты қорлағанына ашуланды. Тудың қадірін түсіріп, арсыздыққа барғандардың ішінде қазақтардың жүргенін де жасырмады ол.

"Алғы шептен табылған көк туымыз... Кешегі Нью Йорк. ЛГБТ шеруі", - деп жазды блогер. 

Бұны көрген желідегі жұрт шошып кеткен. Кемпірқосақтың түсіне боялған ту желідегілердің ашуын келтірді. Бұл қалыпты үрдіске айналып бара жатқанын жазған олар, қатал жаза қолдану керек екенін жазған, деп жазады stan.kz. Туды қорлағандарға арсыз деп баға беріп, ұяттан кірерге тесік таппай намыстары тапталғанын жеткізгендер де болды.

"Масқара", "Жетіскен екенбіз. Таңқалмайтын болдық", "Туымызды әбден қорлапты-ау", "Мынаған жаза бар ма", "Бұл ауру адамдар. Ақырзаман жақындап келеді", "Не дерімді білмеймін", "Қой дейтін ешкім болмағаны ма", "Арсыздар", "Енді қалай жер басып жүреміз", - деп пікір қалдырды жұрт.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.