{metadescription}
Арыстағы жарылыс болған жерлер әлі өшпеген

Арыстағы жарылыс болған жерлер әлі өшпеген

Табылып жатқан снарядтар Арыстан 60 шақырым жерге апарып, жойылуда.

Нұр-Сұлтанда өткен брифингте ҚР қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыстағы оқ-дәрілер қоймасындағы қазіргі жағдай туралы айтты.

"Өрт салдарларын жою үшін оқ-дәрілер қалдықтарын іздестіру, өртенген қоймаларға су құю жұмыстары жалғасуда. Бірақ күннің ыстығынан кейбір қоймаларда әлі де аздаған түтіндеу байқалуда, өрт сөндірушілер тоқтамай су құюда. Бұл арсендалдың өзі тұрған аумақтағы жағдай. Табылып жатқан снарядтар жоспар бойынша Арыстан 60 шақырым жерге апарып, жойылуда. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қала мен арсеналдың периметрі бойынша күзет қойылды", – деп нақтылады ол.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Салдарынан үш адам қаза тапты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.