Танымал әзілкеш басшылық қызметке тағайындалды
"Казахи" көңілді тапқырлар клубының мүшесі Нұрдәулет Шертім Нұр-Сұлтан қаласының панкратион федерациясы жаппай спортты дамыту және қоғаммен байланыс директоры қызметіне тағайындалды.
14:24 11.07.2019
Нұрдәулет Шертім жаңа қызметке тағайындалуына қуанышты екенін және осы спорт түрін дамытуға барын салатынын жасырмады.
"Панкратион өте дамыған спорт түрі. Менің жұмысым осы спорт түрін дамыту және қазақстандықтар үшін осы жекпе-жектің маңызды оқиғалары туралы ақпарат бер. Бұл қауіпсіз спорт түрі. Жастардың жаман іскен айналыспағаны дұрыс, спортпен шұғылдану қажет", - деді Нұрдәулет Шертім.
Әзілкеш өзі де спортпен шұғылданатынын айтты. Ол бокс, самбо, күрес және панкратионмен айналысады екен. Айта кетсек, Нұрдәулет Шертім "Казахи" КВН командасы құрамында Жоғары лиганы вице-чемпионы (2010), Прага кубогының жеңімпазы (2010) атанған. Сондай-ақ белгілі әзілкеш "Базарбаевтар" сериалына, "Гуд бай, мой бай!" және "Женатики" фильмдеріне түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!