Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып кетті
Түркістан облысында 3 жасар қыз арыққа батып көз жұмды.
13:18 13.07.2019
12 шілде күні сағат 22:30-да Түркістан облысы Келес ауданы Қызыләскер ауылында жеке үйге жақын маңда ересектердің қарауынсыз қалған 2016 жылғы бүлдіршін су ағатын арыққа құлап түсіп, батып кетті.
«Құрметті тұрғындар, ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Су айдындарында, жолда, үйде балаларды қадағалаңыз, оларды қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелеріне үйретіңіз. Өйткені балаларды аз уақытқа қалдырып, олардың өмірлеріне қауіп төндіресіз», - деді ресми өкіл.
Айта кетейік, Қытайдың Юаньцзян қалалық уезіндегі сауда орталықтардың бірінде бүлдіршіннің қолы эскалатордың сатыларының арасына қыстырылып қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram