Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ресейдің шоу-бизнес өкілдері Абай өлеңдерін оқыды
Ресейлік белгілі медиа-тұлғалар Абай Құнанбаевтың 175- жылдығына арналған эстафетаны жалғастырып, оның туындыларын оқыды.
14:41 13.07.2019
Муз-ТВ телеарнасының бас директоры Арман Дәулетияров өлең оқу тапсырмасын Ринат Гайсин мен Нұрболат Абдуллиннен қабылдаған. Ол Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінен үзінді оқыды және эстафетаны ресейлік әнші Валерияға, продюсер Иосиф Пригожинге, Евгений Плющенко мен Ана Рудковскаяға, Қазақстанда Алтай Көлгінов пен Бауыржан Байбекке жолдады.
Өз кезегінде танымал әнші Валерия ұлы Ақынның «Не упивайся праздной красотой» өлеңін орыс тілінде оқыды және эстафетаны Лера Кудрявцеваға жолдады. Продюсер Иосиф Пригожин «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін орыс тілінде оқыды және кезекті А-Студио тобының жетекшісі Байғали Серкебаевқа жолдады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram