Автобуста ер адам ақшаны дұрыс қайтармаған әйелді аяусыз ұрып тастады
Әлеуметтік желіде ер адамның автобус кондукторын ұрып жатқан сәтінен видео тарады.
16:48 15.07.2019
Әлеуметтік желідегі топтарда ер адамның автобус кондукторын аяусыз ұрып, аяғымен тепкен сәтінен видео тарап жатыр. Видеоны бөлісушілердің айтуынша, бұл жағдай Ақтөбе қаласында болған.
«Автобус кондукторы ер адамға ақшаны дұрыс қайтармаған екен. Ол әйелге осы үшін боғауыз сөз айтты. Кейін әйел оған қарсы жауап берді. Намысқа шыдамаған ер адам әйелді аяусыз соққыға жыға бастады», - деп жазылған видеоның тұсында.
Алайда Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов бұл видеоның бұрын түсірілгенін және жағдайдың Ақтөбеде болмағанын айтты. Ал желі қолданушылары өз кезегінде басқа ер азаматтардың әйелге көмектеспегеніне, араша түспегеніне наразы.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары