Оралда қос автокөлік түйісіп, 6 адам зардап шекті
Жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті.
17:31 15.07.2019
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 12 шілде күні шамамен сағат 20.00-де орын алды. Н.Назарбаев даңғылымен келе жатқан «ВАЗ-11183» автокөлігі М.Ықсанов көшесімен қиылыста солға бұрылған кезде қарсы беттегі «Лада 21144» автокөлігіне жол бермей, соқтығысқан. «ВАЗ-11183» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша аталған жол апаты салдарынан 6 адам зардап шекті. Олардың біреуі ауруханаға жатудан бас тартты. Қалғандары облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!