Туысын өлтіріп алған боксшы екі айға қамалды
Қостанайда боксшы жездесін өлтірді деген күдікті Аслан Мұқанов екі айға қамалды.
14:39 16.07.2019
Сот оған қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі. Шешім 13 шілде күні қабылданған. Күдіктіні қамауға алу туралы өтінімді Қостанай ауданы ПБ тергеушісі, аға лейтенант Рогожина берген. Арыз аудандық прокуратурамен мақұлданған.
Аслан Мұқанов адам өлтірді, яғни кінәлі адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратты деген күдікке іліккен. Бұдан бұрын Қостанай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері адам өлтіру дерегін ашқаны хабарланған болатын. Кейінірек полиция қызметкерлері боксшыны өлтірді деген күдіктінің ұсталуына қатысты кейбір деректерді айтқан.
Айта кетейік, бокстан әлем чемпионы Аслан Мұқановқа «адам өлтірді» деген айып тағылған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!