Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматы облысында жоғалған ер адам өлі табылды
Алматы облысында бес күн бұрын жоғалған 34 жастағы ер адам өлі күйінде табылды.
15:43 16.07.2019
Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 шілде күні ер адамның жоғалғанын құқық қорғау органдарына оның 33 жастағы әйелі хабарлаған. Ол Алматы облысындағы елді-мекендердің біріне кеткен жұбайының қайтып оралмағанын айтқан.
«Жоғалудың барлық мәліметтерін анықтап, көшедегі бейнебақылау камераларын қарап шығып, оны іздеуге көмек көрсете алатын куәгерлерді іздеп, жауап алды. Нәтижесінде екі адам ұсталды. Олар жоғалған адамның әріптестері болып шықты. Екеуі де ұсталып, қамауға алынды»,-деді департаментінің баспасөз қызметінен.
Мәйіті Алматыдан жүз километрден астам қашықтықтағы Үлкен Алматы каналының арнасынан табылды. Марқұмның мәйіті жасырылған жерді күдіктілердің бірі көрсетті. Жедел қызметкерлер сондай-ақ қылмыс жасалған жерді және марқұмның мәйіт әкелінген автокөлікті тапты. Қазір кісі өлтіру фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram