Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Министрлік қазақстандықтарға интернет шектелетінін айтты
Елорда тұрғындарында интернетке қосылуға қатысты қиындықтар туындауы мүмкін.
13:22 17.07.2019
Бұл туралы Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазіргі уақытта құзырлы мемлекеттік органдар байланыс операторларымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында азаматтарды, мемлекеттік органдарды және жекеменшік компанияларды хакерлік шабуылдардан, интернет-алаяқтардан, түрлі киберқауіптерден қорғау мақсатында техникалық жұмыстарды жүргізуде», - делінеді министрлік хабарламасында.
Жекелеген интернет-ресурстарға кіру мүмкін болмаған жағдайда, мобильді құрылғының (ұялы телефон, планшет) тіркеліп-тіркелмегенін тексеруді және қауіпсіздік сертификатын (байланыс операторларының сайтында орналастырылған) орнатуды ұсынады.
Сондай-ақ, өз байланыс операторыңыздың call-орталығына хабарласуыңызға болады. Ведомстводағылар тұрғындардан уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram