Тоқаев Парламенттегі өкілін тағайындады
Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа қызметке ауысты.
10:50 19.07.2019
Бейбіт Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды", – делінген Өкімде.
Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы қызметінен босатылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!