Отандық жеңіл атлеттер Беларусьте екі медаль еншіледі
Брест қаласында жеңіл атлетикадан Беларусь ашық кубогының алғашқы жарыс күні аяқталып, қазақстандықтар екі медаль еншіледі.
12:13 19.07.2019
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Дмитрий Иванчуков күміс медаль жеңіп алды. Ол аталған қашықтықты 8:51.54 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, ҚР спорт шебері нормативін орындады. Осы қашықтыққа жүгіруден әйелдер арасындағы сында Татьяна Нерознак қола медальға қол жеткізді.
Сондай-ақ, Ислам Аманғос 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, Виктория Сергеева 5000 метрге жүгіруден 5-ші орын иеленсе, Рақымжан Келманов 8-ші сатыға тұрақтады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!