БҚО-да улы өрмекші тұрғындарды шошытты
Батыс Қазақстанда адам үшін қауіпті улы өрмекші қарақұрт пйда болды.
14:11 19.07.2019
Бәйтерек ауданы Асан елді мекенінің тұрғыны өз үйінің ауласындағы өрмекшіні суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Жазбаны желі қолданушылары қызу талқыға салды. Видеоға пікір білдіргендер бұл шынымен де қарақұрт екенін айтып жатыр, кейбірі тіпті олар көбейіп үлгермеу үшін үйді өртеуге кеңес берді. Алайда Энтомолог маман Ділдә Ақбәуленова аймақтың климаты қарақұрттың мекендеуіне қолайлы емес екендігін айтты.
"Өрмекші-қарақұттар шөл және шөлейтті жерлерде өмір сүреді. Көршілес Атырау облысында улы жәндіктер көп кездеседі. Бірақ біздің өңіріміздің климаты олар үшін қолайлы емес, және осы жылғы ауа райы да қарақұрттарға қолайсыз. Биыл жаз өте салқын, ылғалды және жаңбырлы болуда. Сондықтан, мен өрмекші-қарақұрттар біздің облыстың аумағында өмір сүре алады деп санамаймын", - дейді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!