{metadescription}
Көлік апатынан 2 адам көз жұмып, 12-сі зардап шекті

Көлік апатынан 2 адам көз жұмып, 12-сі зардап шекті

Непалдың батысында Баджура ауданында жол талғамайтын көлік биіктіктен құлап, салдарынан 12 адам зардап шекті және екі адам мерт болды.

Баджура полициясының басшысы орынбасарының айтуынша, жол талғамайтын көлік жоғары өрлеген жолмен көтерілген сәтінде аударылып, 50 метрлік биіктіктен құлаған. Полицияның хабарлауынша, 6 адамға арналған көлікте 16 жолаушы болған. Екі адам аман қалған. Жол апаты көлікте шамадан тыс жолаушылардың көптігінен, сондай-ақ қара жолдың нашар болуы салдарынан орын алған.

Жергілікті билік құтқару операциясын жүргізді. Кейбір жолаушыларды Колти елді мекеніндегі медициналық орталыққа, ал қалғандарын әуе жолымен Непалдың оңтүстік-батысында Непалгандж қаласындағы ауруханаға жеткізген. Сондай-ақ, ауыр халдегі төрт адамды әуе көлігімен ел астанасы Катмандағы ауруханалардың біріне алып барған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.