Қазақстан тумасы АҚШ-та терроризмге қатысы бар деп айыпталуда
АҚШ азаматтығын алған Қазақстан тумасы Руслан Асаиновқа ДАИШ террористік ұйымына кіріп, көмек көрсетті деген айып тағылуда.
11:31 20.07.2019
Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігінің ресми сайтында хабарланды. Ведомствоның дерекетеріне сүйенсек Асаинов Руслан Маратович Нью-Йоркке көшкеннен кейін 2013 жылы Сирияға кеткен. Ол жақта ИМ снайпер ретінде қосылады. Оқ атудан инструктор және қару-жарақ жеткізіп тұрғаны үшін Руслан «эмир» деген лауазымға дейін көтерілген.
Қазақстанның тумасы басқа америкалықты ДАИШ жағында күрес жүргізу үшін Сирияға келтіртпек болған. Қазіргі уақытта Асайынов АҚШ-қа жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!