{metadescription}
Қазақстандық бір күнде миллионер болып шыға келді

Қазақстандық бір күнде миллионер болып шыға келді

Банктің бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген тұрғынға 26 мың доллар төленді.

Kaspi-дің Қауіпсіздік қызметі Павлодар облыстық ІІД-мен бірлесіп, Kaspi-дің бұрынғы қызметкері, алаяқтық жасауда күдікті Руслан Сексембаевты тауып, тұтқынға алды. Жедел тергеу әрекеттерінің нәтижесінде күдікті 21 шілдеде Екібастұз қаласында ұсталған, 

"Күдіктінің мекен-жайын анықтауға көмек көрсеткен тұрғынға Kaspi 10 миллион теңге көлеміндегі сыйақы берді. Қауіпсіздікті сақтау үшін миллионердің аты-жөні жарияланбайды", - деп хабарлады қаржы мекемесінің баспасөз қызметі.

11-12 шілдеде Павлодардағы полиция басқармасының орталық бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 28 адам өтініш білдірген. Алдын ала мәліметке сәйкес, банктің бұрынғы қызметкері кепілде тұрған мүлікті арзанға сатып алуға көмектесемін деп, зардап шегушілерді өз шотына қаржы аударуға көндірген. Кейін ізін суытты.

Kaspi bank банкпен барлық қаржы операциясы келісімшартпен бекітілетінін атап өтті. Мекеме еш уақытта ақшаны жеке адамның шотына аударуды талап етпейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде