Полиция денесі гараждан табылған қыздың неден көз жұмғанын айтты
Шымкенттегі 3 жасар қыздың қалай өлгені анықталды.
17:42 22.07.2019
Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде болған. «Құсу массасының механикалық асфиксиясынан», яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бары анықталған.
"Сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған. Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.
"Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Шымкентте Застенная ауданында үш жасар қыздың денесі табылғанын жазған болатынбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары