{metadescription}
Екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлаған

Екі жасар бала тоғызыншы қабаттан құлаған

Мәскеу облысында бала тоғызыншы қабаттан құлаған.

Балашиха қаласында болған бұл оқиғадан екі жасар бала аман қалды.

«22 шілде күні Балашихада биіктен құлап жарақат алған екі жасар бала ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнын тексерген тергеушілер сәбидің тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткенін анықтады», - дейді Мәскеу облысы бойынша Тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасының өкілі Ольга Врадий.

Бала құлаған кезде пәтерде шешесі, 2014, 2016 жылғы екі әпкесі және 2019 жылы туған інісі болған. Қазір тергеуге дейінгі тексеріс жүріп жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде