{metadescription}
Қазақстанда дәрігерлер енді 6 жыл оқитын болады

Қазақстанда дәрігерлер енді 6 жыл оқитын болады

Жаңа "Медицина" бағдарламасы бойынша, болашақ мамандар алты жыл бойы білім алады. 

Дәрігерлер жаңа бағдарлама енбей тұрып, бес жыл бакалавриатта және екі жыл интернатурада оқыды. Алты жыл оқыған университет түлегіне жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы диплом, магистр дәрежесі, дәрігер квалификациясы беріледі. 

"Білім беру бағдарламасының жаңа моделі алты жылдың ішінде "әмбебап дәрігерді" дайындап шығады. Оның негізгі мақсаты осы. Болашақ дәрігер педиатрияның практикалық дағдыларын, хирургия, акушерліктің  негіздерін және өзге де медициналық тәртіптің негіздерін үйренеді. Бұл үшін бірінші кезекте алынған білімді практикада тоқып алуға назар аударылуы керек", — деді ҚазҰМУ баспасөз қызметінде. 

Алты жылға созылатын бағдарламаның түлегі құрылымды жақсы түсініп, дені сау және ауырып қалған адамдардың атқарымдарын, ауруханалық тәртіптер мен тәжірибелерді, маманның бақылауымен өткен клиникалық тәжірибені білетін болады. Алты жылдың ішінде білім алып жүріп, болашақ дәрігер өзіне қажетті мамандықты таңдайды.

Қазіргі уақытта ҚазҰМУ-да 10 мыңға жуық студент оқиды. Олар: интерн, резидент, магистрант және PhD докторант. Сонымен қатар, университетте әлемнің сегіз елінен келген 10 мың шетелдік студент бар. 

Дереккөз: stan.kz

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде