Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
13 жастағы жеткіншек 4 жасар бүлдіршінді зорлаған
Өзбекстанның Самарқанд облысы Пайарык ауданындағы күнкөрісі төмен отбасыларға арналған жатақханада 13 жастағы жеткіншек 4 жасар қызды зорлаған.
09:20 12.08.2019
Бұл жөнінде оқиға куәгері Азаттықтың өзбек қызметіне хабарлады. Жергілікті аурухана дәрігері бұл оқиғаны растап, 1 тамызда сексуалдық зорлық белгілері бар 4 жасар қыз ауруханаға түскенін айтты.
– 1 тамызда шын мәнінде бүлдіршін ауруханаға жеткізілді. Оны кезекші дәрігер қарады. Бірақ бәрі сот-медициналық тексеру нәтижесінен кейін анықталады. Кезекші дәрігер милицияға хабарлады. Қызды милиция бөлімшесіне алып бардық. Сонда сараптама жүргізді, – деді дәрігер.
Пайарык аудандық сот-медициналық сараптама бөлімшесінің дәрігері Вохид Абдурахманов сараптама нәтижесі дайын болғанша, түсініктеме бере алмайтынын айтты. Жатақхана тұрғынының бірі 13 жастағы жеткіншек қызға балмұздақ алып берем деп алдап, сексуалдық зорлық жасаған дейді.
– Біз бұрынғы медколледждің жатақханасында тұрамыз. 13 жастағы бала анасы және әпкесімен тұрады, ал 4 жасар қыз әжесі және анасымен тұрады. Бала қызға балмұздақ берем деп алдаған, – дейді жатақхана тұрғыны.
Пайарык ауданы әкімінің орынбасары Фаррух Олимов аталған оқиғаның орын алғанын теріске шығарды. Шенеунік бұл мәселені зерттеп, түсініктеме беруге уәде етті. Бірақ сөзінде тұрмады.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram