{metadescription}
Алдағы күндері күн суытып, бұршақ жауады

Алдағы күндері күн суытып, бұршақ жауады

Синоптиктер елімізде 13-15 тамыз аралығында күн райы қандай болатынын айтты.

Мамандардың болжамына қарағанда, солтүстікте күн суытады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК өкілдері.

"Мәскеу аумағынан келетін циклон және онымен байланысты фронталды жүйелердің шығыс бағытында жылжуымен жаңбыр, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр, республиканың басым бөлігінде найзағай және бұршақтың жаууы күтіледі", - делінген болжамда.

Сондай-ақ, еліміздің солтүстігінде күндізгі температура 35 градустық ыстықтан кейін  20-25 жылыға дейін төмендейді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстік-батысында Каспий теңізі аймағынан келетін антициклонның ықпалымен айтарлықтай жауын-шашынсыз ауа райы болады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде