{metadescription}
Әйел қызын кафеге қалдырып, қасына хат тастап кеткен

Әйел қызын кафеге қалдырып, қасына хат тастап кеткен

Төрт жастағы қызды жетектеген анасы кафеге 12 тамызда келген.

Ресейдің Краснодар аумағында әйел адам пиццерияға кішкентай қызын тастап кетті. Қызды заттарымен бірге қалдырған әйел бүлдіршіннің жанына "жаңа әкем мен анама мені қабылдаңдар" деген хат қойып кеткен. Төрт жастағы қызды жетектеген анасы кафеге 12 тамызда келген. Әйел адам баласын балалар ойнайтын бөлмеге жіберіп, өзі тамақ пен киім салынған пакетті тастап, ғимараттан шығып кеткен. 

Бірнеше уақыттан кейін даяшылар кішкентай қызға назар аударған. Қыздың қасынан: "Малютка" балабақшасына бермеңдер, мені жаңа әкем мен анама қабылдаңдар" деген хат табылған. Шақыртумен келген полиция қызды балалар ауруханасына жеткізіп, өздері қыздың анасын іздеуге кірісті. 35 жастағы әйел адам табылды. "Қиын жағдайға тап болдым" деген әйел енді тергелетін болады. 

Дереккөз: Today.kz


 


 

Кеше

16 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде