Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Жас жұбайлар үйлену тойында қонақтарға тамақ қалдықтарын берді
Британдық жас жұбайлар үйлену тойларына келген қонақтарын тамақ қалдықтарымен күтті.
18:32 14.08.2019
Үйленген Кейли және Джо Тилстонов қонақтарға мейрамханада қалып қойған тамақтардан ас әзірлеп берген. Ас мәзірінде қызыл крестьян мен алабұға, сиыр еті, шошқа еті, тауық еті, сондай-ақ вегетариандық және глютенсіз тағамдардан болған.
Жас жұбайлар той біткенше тамақтың қалай әзірленгенін ешкімге айтпаған. Тек тойдан кейін ғана қонақтарға тамақ қалдықтарынан дастархан жайғандарын мәлімдепті. Мұны естігендер не дерін білмей сасып қалған. Ал кейбіреулер тамақ қалдығын жегені үшін жиіркенбестен, тағы қосымша тамақ сұраған.
Кейли және Джо осылайша ысырапшылдықты жоюға болатынын айтады. Егер тамақтың қалдықтарынан ас әзірлесе, онда арзанға шығады екен. Сонда 300 адамды қысылмай тамақтандыра аламыз дейді жас жұбайлар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram