Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Сарбаз екі жасар өгей қызын өлтірген
Ресей гвардиясының бұрынғы қызметкері Андрей Кобылин екі жасар өгей қызын жұбатамын деп өлтіріп қойған.
08:40 15.08.2019
"Город Nовостей" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кемеров соты істі қарауды бастаған. Тергеу мәліметі бойынша, 2018 жылдың қыркүйегінде 23 жастағы Кобылин пәтерінде екі жасар қызымен қалған. Жылаған қызды жұбатпақ болып, бетіне су шашқан. Сәби судан тұншығып қалған. Айыпталушы сәбиді осылай жұбатпақ болдым дейді. Ал қыздың анасы бұл оқиғаны полицияға хабарламай, жасырып келген.
Екі айдан кейін қыздың әжесі полицияға шағымданған. Себебі анасы қызды туыстарына ертіп апаруды доғарған. Бірақ полиция әжейдің шағымына салақтық танытып, қарамаған. Баланың өлімі 2019 жылдың қаңтар айында ғана анықталған. Осыдан кейін Кобылин ұсталып, қызметінен алынған. Ол өмір бойы түрме жазасына кесілуі мүмкін.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram